«Өкпеті орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Өкпеті орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 5-11-00
Есепші бөлімі:
+7(72346) 5-11-00
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қожагелді батыр атындағы орта мектебіне қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
18
сәуір
2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Абай облысы мектептерінің оқушылары арасында Қазақстан тарихы мен география пәндерінен өткізілген аймақтық олимпиададан  "Өкпеті орта мектебінің"  оқушылары қатысып, қазақстан тарихы пәнінен  Жанарбеков Нұрасыл 3 орын және география пәнінен Советов Шакен сертификат иеленді. Олимпиада екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімде тест шешсе , екінші  бөлімде оқушылар эссе жазды. Пән мұғалімдері география пәні мұғалімі Қапорова Анар және тарих пәні мұғалімі Иманова Ләйлә  
"Үздік математик" сайысы өтті
18
сәуір
2024
"Үздік математик" сайысы өтті
"Өкпеті орта мектебінде" математика және информатика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен  18 сәуірде кезекті "Үздік математик" сайысы өтті. Сайыс 5-7 сынып оқушылары арасында  ұйымдастырылды. Сайыста тест, ребус шешті, логикалық сұрақтарға жауап іздеді. Сайыс тартысты қызықты болды. Жеңімпаз сынып анықталып марапатталды. #Абай_облысы_Ақсуат_ауданы_Білім_бөлімі
"Өкпеті"орта мектебінің 4 сынып оқушылары мектеп айналасын тазалау жұмыстарына зор ықыласпен қатысты.
17
сәуір
2024
"Өкпеті"орта мектебінің 4 сынып оқушылары мектеп айналасын тазалау
"Өкпеті"орта мектебінің 4 сынып оқушылары мектеп айналасын тазалау жұмыстарына зор ықыласпен қатысты.Өзімізге бөлініп берілген алаңқайды гүл отырғызуға,көгалдандыруға дайындады.Сынып оқушылары біркісідей белсене қатысып,жұмыла еңбек етті. Сынып жетекшісі: Нұрғалиева Айжан
"Таза Қазақстан" акциясы
17
сәуір
2024
"Таза Қазақстан" акциясы
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат Тазалық баршаға ортақ. "Тазалық сыпырған жерде емес, сақтаған жерде" демекші, әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған жерінің қадірін ұғынып, тазалығын сақтауға ынта қоюға міндетті. "Таза Қазақстан" акциясы аясында 7-сынып оқушылары " Таза аула" атауымен өз аулаларында  тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Өкпеті орта мектебінде» қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті.
17
сәуір
2024
«Өкпеті орта мектебінде» қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті.
Абай облысы  білім басқармасының   білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес отырысының бірыңғай күнін өткізу туралы Ережесіне сәйкес  «Өкпеті орта мектебінде» қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарын сақтау, ұйым қызметі, бюджеттік және демеушілік қаражаттарды мақсатты пайдалану, қайырымдылық көмек және басқа да мәселелер қаралды.  #Abai_oblysy_qamqorshylyq_kenes
"Ғарыш әлеміне саяхат"
15
сәуір
2024
"Ғарыш әлеміне саяхат"
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат 15- сәуір күні 7-сыныпта "Ғарыш әлеміне саяхат" атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ғарышкерлер өмірімен, қызметімен , ғарыш әлемінің ғажайыптарымен таныстыру.
"Өкпеті орта мектебі" КММ  "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде осы оқу жылы ішінде атқарылған жұмыстар туралы брифинг өткізілді.
12
сәуір
2024
"Өкпеті орта мектебі" КММ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде
"Өкпеті орта мектебі" КММ  "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде осы оқу жылы ішінде атқарылған жұмыстар туралы брифинг өткізілді.  ДТІЖО А.Ажығожина жыл ішінде жасалынған жоспарлы жұмыстарға, АПҚО - ның  жұмыстарындағы  ата - ана белсенділігіне оң бағасын беріп, сынып жетекшілерге жүктелген  міндеттердің орындалғандығын атап өтті.              Алдағы  уақыттағы атқарылатын көктемгі тазалық, жазғы демалысты ұйымдастыру,  кәсіптік бағдарлау, бала қауіпсіздігіне байланысты  шараларды
"Қазақстанның ғарыш айлағы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
11
сәуір
2024
"Қазақстанның ғарыш айлағы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
8 "Б" сынып оқушыларымен 11 сәуір күні "Қазақстанның ғарыш айлағы" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақта оқушылар қазақ ғарышкерлері жайлы айтып, ғарыш әлемі және Қазақстанның ғарыш айлағы жайында пікір алмасу болды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат
«Мамандық таңдау- маңызды іс» атты 9-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді.
11
сәуір
2024
«Мамандық таңдау- маңызды іс» атты 9-11 сынып ата-аналарына жиналыс
Мектебімізде кәсіби бағдар беру бағытында «Мамандық таңдау- маңызды іс» атты 9-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Кәсіптік бағдар беру-  жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды мамандық таңдауға дайындауға, кәсіби өзін-өзі  анықтауға көмектесуге бағытталған шаралар жүйесі. Шара барысында оқушылардан алынған сауалнама қорытындысы негізінде ата-аналарды таныстыра отырып, «Кәсіптік бағдар берудегі ата-ана ықпалы» атты бейнекөрсетілім көрсетілді. Үлкен өмірге енді ғана аяқ
Тазалау жұмыстары жүргізілді.
09
сәуір
2024
Тазалау жұмыстары жүргізілді.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат #Сенбілік 9-сәуір күні 3 сынып оқушыларымен бірге мектеп жанында тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық және экологиялық жағдайды жақсарту  мақсатында өткен  сенбілікте оқушылар белсенділік танытты.

Жаңалықтар топтамасы

18 сәуір 2024 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
28 наурыз 2024 Көктемгі каникул
27 наурыз 2024 Көктемгі демалыс
27 наурыз 2024 Көктемгі демалыс