27
наурыз
2024
Көктемгі демалыс
Қаһарын төккен қыс кетіп, жадыраған көктем келгенде балалардың да көңіл-күйлері көтеріңкі болуы заңдылық іспетті, оның үстіне көктеммен бірге келген каникул да балаларды қуанышқа бөлеуде.Көктемгі каникул кезіндегі күндерін «Өкпеті орта мектебі» КММ 9 сынып оқушылары да қызықты өткізуде. Ұл балалар атқа мініп ауылдың маңына серуенге шықса, қыз балалар өздерінің ата-аналарына, бауырларына кітап оқып, қызықты оқиға кейіпкерлермен танысты Ал, кейбір оқушылар ауыл кітапханасына барып, қажетті қосымша ақпараттарды алды.


