20
наурыз
2024
20 Наурыз Ұлттық ойындар күні
20 Наурыз Ұлттық ойындар күніне байланысты «Өкпеті» орта мектебінің 9 сынып оқушылары қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өткізді. Онда ұл балалар асық ойындарының ішінде «Үш табан», «Ханталапай» ойындарын және «Арқаласпақ",
«Арқан тарту», «Қол күрес» сияқты ойындардан сынға түссе, қыз балалар «Бес тас» ойынын ойнады. Қазақтың ұлттық ойындарының маңызы, денсаудыққа пайдасы туралы өз ойларын ортаға салды. Осындай ойындар балаларды ұшқырлыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа баулитыны тағы бір мәрте дәләлденді. Сынып жетекшісі Кенжекова М.Қ.



