2024 жылдың 20 наурыз күні "Өкпеті Орта Мектебі" КММ де ұлттық спорт күніне арналған қазақ күресінен жарыс өткізілді! Жарыс 35кг,46кг,50кг,55кг салмақтар арасында болды. Жарыс соңында қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды!
Мақсаты: Балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс жетіліп, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.