Іс-шаралар » Страница 3 » «Өкпеті орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Өкпеті орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 5-11-00
Есепші бөлімі:
+7(72346) 5-11-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
18 наурыз - ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КҮНІ
18
наурыз
2024
18 наурыз - ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КҮНІ
Ұлттық киімдер күніне орай  «Өкпеті» орта мектебінің 9 сынып оқушылары қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап, олардың түрлерін , әртүрлі  үлгілерін «Қазақтың ұлттық киімдері» атты тәрбие сағатында көрсетті. Олар 2 топқа бөлініп, қазақтың ұлттық  киімдерінің бұрынғы және қазіргі  заманауи үлгілерін көрсетті.  Қыздарға және ұл балаларға арналған бас киім түрлері,  әшекей бұйымдар , сырт киімдер таныстырылып, олар  жасалған  материалдар мен  жасалу жолдары да  айтылды. Барлық оқушылар ұлттық киім
17-наурыз Шаңырақ күні.
17
наурыз
2024
17-наурыз Шаңырақ күні.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат 17-наурыз Шаңырақ күні. Шаңырақ шаттыққа, босаға бақытқа толсын.
17 наурыз- ШАҢЫРАҚ КҮНІ.
17
наурыз
2024
17 наурыз- ШАҢЫРАҚ КҮНІ.
17 наурыз- ШАҢЫРАҚ КҮНІ. Отбасы-жылулық мекені. Ата-ананың мейірімі мен қолдауын көріп өскен бала алға нық қадам жасай алады. 8 "Б" сынып оқушылары отбасымен бірге, қуанышты сәттері. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат #ҰлыстыңҰлыКүні
16 наурыз МӘДЕНИЕТ/САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ.
16
наурыз
2024
16 наурыз МӘДЕНИЕТ/САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ.
16 наурыз МӘДЕНИЕТ/САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ.  Қазақ халқының дәстүрінде атқа мінгізу үлкен орын алады. Ер қанаты ат дейтін қазақ үшін бұл  мәртебе болып саналған. Сынып оқушысы Аңсарға атасы Әбдірахман атқа мінудің қыр сырын үйретті.      Әке мен бала күмбірлетіп домбыра тартуы- ұлттық мәдениеттің бастауы.  Иманәлі әкесі Оралғазымен. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат #ҰлыстыңҰлыКүні
"Наурызым мерекем, наурызым берекем"
15
наурыз
2024
"Наурызым мерекем, наурызым берекем"
#Біртұтас_тәрбие_Абай _облысы_Ақсуат #Nauryz 15наурыз-Қайырымдылық күні.  1 сыныпта "Наурызым мерекем, наурызым берекем" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  Мақсаты:  Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру. Халқымыздың салт-дәстүріін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз-қазақтың ұлттық мейрамы екені ашып көрсету. Оқушыларға қайырымдылық жасау, мейірімділік көрсету жақсы іс екенін ұғындыру.  Сынып жетекшісі: Елемесова А.Ғ.
15 наурыз- Қайырымдылық күні
15
наурыз
2024
15 наурыз- Қайырымдылық күні
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат #Nauryz    Наурыз  мерекесіне  арналған тұжырымдама  негізінде   15 наурыз- Қайырымдылық күніне орай "Өкпеті" орта  мектебінің  2 "а" сыныбында Үштөбе ауылының тұрғыны  Сыдықова Алма оқушыларды Наурыз  мерекесімен құттықтап,оқушыларға қажетті оқу құралдарын тарту етті.Оқушылар риза болып,алғыстарын білдірді. Сынып жетекшісі:Жұмаділова Айгүл.
Наурызнаманың екінші күні -Қайырымдылық күні.
15
наурыз
2024
Наурызнаманың екінші күні -Қайырымдылық күні.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат Наурызнаманың екінші күні -Қайырымдылық күні. Қайырымдылық -қанға сінген асыл қасиет. Бұл күні 7-сынып оқушылары ауылымыздың тұрғыны зейнеткер Бақаш апаға барып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты. Қария оқушыларға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Қайырымдылықтың ірі -ұсағы болмайды. Осы керемет қасиетімізді ұлықтау мақсатында бетіген атаулы күннің мән-мазмұны да осында жатыр.
14 Наурыз - Көрісу мейрамы,амал мерекесі
14
наурыз
2024
14 Наурыз - Көрісу мейрамы,амал мерекесі
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат #Nauryz #Ұлыстың ұлы күні 14 Наурыз - Көрісу мейрамы,амал мерекесіне байланысты  2"б" сыныбында "Көрісу айт" тақырыбында  тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Амал мерекесі,Көрісу туралы  түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Гайсина Г.С.
14 Наурыз Амал мерекесі
14
наурыз
2024
14 Наурыз Амал мерекесі
14 Наурыз Амал мерекесі, Көрісу күніне байланысты  «Өкпеті» орта мектебінің  9 сынып оқушылары бір- біріне, ұстаздарына, ата-аналарына жақсы тілектерін айтып,  құттықтады.Көрісу күнінің  маңызын түсіндірген мұғалім оларға қазақтың байырғы ырымдарын, тек қана наурыз айында айтылатын сөздер, тілектер , жасалатын жақсы амалдар туралы толық ақпарат берді.Оқушылар үйлерінде отбасы мүшелерін де құттықтап, жақсы тілектер айтты. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат #Nauryz #Ұлыстыңұлыкүні
14 наурыз көрісу күні.
14
наурыз
2024
14 наурыз көрісу күні.
14 наурыз көрісу күні. Көріседі -"Көңілдер жібісін" деп, Көріседі - "Тасысын ырысың!" деп. Көріседі - "Көк мұз да жылысын" деп, Көріседі -"Оң болсын Ұлысың! деп. Қуанышты көңіл күймен 8 "Б" сынып оқушылары бүгінгі сабақтарын бір -бірімен құшақтасып, жақсы тілек айтумен бастады. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат