14 Наурыз Амал мерекесі, Көрісу күніне байланысты «Өкпеті» орта мектебінің 9 сынып оқушылары бір- біріне, ұстаздарына, ата-аналарына жақсы тілектерін айтып, құттықтады.Көрісу күнінің маңызын түсіндірген мұғалім оларға қазақтың байырғы ырымдарын, тек қана наурыз айында айтылатын сөздер, тілектер , жасалатын жақсы амалдар туралы толық ақпарат берді.Оқушылар үйлерінде отбасы мүшелерін де құттықтап, жақсы тілектер айтты.