«Өкпеті орта мектебінде» қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті.
Абай облысы білім басқармасының білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес отырысының бірыңғай күнін өткізу туралы Ережесіне сәйкес «Өкпеті орта мектебінде» қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарын сақтау, ұйым қызметі, бюджеттік және демеушілік қаражаттарды мақсатты пайдалану, қайырымдылық көмек және басқа да мәселелер қаралды. #Abai_oblysy_qamqorshylyq_kenes